Алматыда түрме бастығы ұсталды

1428
Adyrna.kz Telegram
 Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Алматыда құқық қорғау органдары әділет полковнигі Әкімбай Бекзат Балтабайұлын сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қызметтік кабинетінде ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресми мәліметке сәйкес, ол Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ның №13 минималды қауіпсіздік мекемесінің басшысы қызметін атқарған.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) мәліметінше, ұсталған азамат құқық қорғау органдарының қызметкері болып саналмайды.

"Қазіргі таңда құзырлы органдар оның ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кез келген құқықбұзушылыққа "нөлдік төзімділік" саясатын ұстанады және тергеу органдарына жан-жақты көмек көрсетеді", – деп хабарлады ҚАЖК.

Пікірлер