АУДАННЫҢ ҮЗДІК АЗАМАТТАРЫНА МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬ ТАБЫСТАЛДЫ

3874
Adyrna.kz Telegram

Әл-Фараби ауданы әкімдігінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Шымкент қаласының қалыптасуына, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосушы азаматтар марапатталды.

Мерекелік жиында аудан әкімі Рашид Мыңбаев тұрғындарды ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады. Рашид Мамытұлы аудан әкімдігінің стратегиялық міндеті – ең алдымен тұрғындардың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеру екендігін атап өтті.

–Тек бірлескен жұмыстың нәтижесінде қаламызды одан да жайлы ете аламыз. Осы жолда аянбай еңбек етіп, кең байтақ еліміздің даму жолында асқақ армандар мен батыл жоспарларды жүзеге асыруға септігін тигізіп жүрген бірқатар азаматтарды Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалімен наградтауға рұқсат етіңіздер. Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!- деді аудан әкімі.

Салтанатты мерекеде білім, медицина, мәдениет, спорт, әлеумет, тазалық салаларына салаларында еңбегі сіңіріп жүрген аудан тұрғындары марапатталды.

Пікірлер