Аймағамбетов Құрмет Талапқазымен сөйлесіп, мәселесін шешті

9109
Adyrna.kz Telegram
Маңғыстау облысында, Қызылорда облысы Арал ауданында жем-шөптің жоғынан мал қырылып жатқанда қиналған халыққа шөп жинап жөнелтіп көмек қолын созған түркістандық ерікті Құрмет Талапқазы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін оқитын болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Қуанышты хабарды тәуелсіз журналист Дина Елгезек өз фб парақшасында бөлісті.
- Урррраааа!!! Сүйінші! Құрмет Талапқазы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін оқитын болды! Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағанбетов мырза бүгін Құрметтің өзімен телефон арқылы тікелей сөйлесіп, мәселені бірнеше сағатта шешіп тастапты! Және оқуда жақсы жетістікке жетуін тілепті! Министрге мың алғыс!!! Құрметтің тағдырына бейжай қарамай, Құрметтің басындағы жағдайды тікелей министрге жеткізген Халима Тәжіқұл бастаған әріптестеріме мың алғыс! Өмір Шыныбекұлы сізге жеке алғыс білдіремін! Қоғамның Құрметке осылай құрметін білдірді!, - деп жылы лебізін білдірді Дина Елгезек.

"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер