Татулықты ту еткен жобалар атқарылуда

2430
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Халқы Ассамблеясы 1995 жылы құрылып, осы уақытқа дейін жемісті қызмет етіп келеді. Ассамблеяның басты мақсаты сан түрлі ұлттардың басын қосқан қоғамда тыныштық пен татулықты сақтау, өркендеу мен даму жолын салу болып табылады. Ассамблея бұл миссияны мүлтіксіз орындап келеді.

90-жылдардан бастап посткеңестік елдер аумалы-төкпелі заманды бастан кешірді. Көршілес елдер азамат соғысына батып, төңкеріс ұйығынан шыға алмай қалды. Басым бөлігінде қақтығыстардың соңы этникалық сипатқа ұласып, ірі этносаралық жанжалдар. Бірақ Қазақстан ол қақтығыстардың алдын ала білді. Өйткені өзгенің қателігінен сабақ алу қашанда маңызды.

Қазақстан түрлі этнос өкілдерінің татулығын сақтау мақсатында сан қилы жобаларды жүзеге асырып келеді. Оның ішінде республикалық және аймақтық жобалар бар. Соның бірі жыл сайын Алматы қаласында ұйымдастырылатын «Бірлік - береке бастауы». Биыл да жоба сәтті жүзеге асты. Жоба Аясында Алматы қаласы бойынша сан түрлі ұлттардың басын қосып, татулық туын желбірету мақсатында, достық пен таныстықты арттыру үшін көптеген шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда жоба аясында екі челлендж ұйымдастырылды. Челлендждердің мақсаты өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді білетін жандарды анықтау және сол арқылы тілді үйренуге деген стимулды арттыру, ал екінші челлендж Хәкім Абай өлеңдерінен үзінді шығармалар оқу болып, челлендждерге мыңнан астам жан қатысып, қызықты форматта өтті. Мемлекеттік тілді білетін, меңгеріп, оны екінші ана тілі санайтын өзге этностарды жинақтап, арнайы электронды кадрлық резерв жасалды. Аталмыш кадрлық резервтің мақсаты талантты жастарды қолдау, оларға жұмыс табудың жолын ашу, мансаптық өсуіне жағдай жасау болып табылады. Сонымен қатар өзге ұлт өкілдері арасында тілді үйренуді насихаттау, достықты арттыруды үгіттеу мақсатында арнайы кездесулер, семинарлар ұйымдастырылды. Сонымен қатар пандемиялық жағдайға сай талаптарды сақтай отырып концерттік шара өткізіліп, челлендж жеңімпаздарын бағалы сыйлықтармен марапаттау да орын алды.
Еліміздегі татулық пен бірлікті сақтау қашанда маңызды. Оны жоғарыдағы айтылған жобалармен қуаттап отыру да өзінің жемісін береді. Бұл дұрыс қадам. Қазақстан үшін татулық пен тыныштық бірінші орында болған сәтте ғана, даму мен алға басу есігімізді өзі қағатын болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер