Мүмкіндігі шектеулі азаматтар портал арқылы техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз етілуде

1889
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы биыл жыл басында іске қосылған әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілетін техникалық көмекші және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетеді.

2021 жылдың шілдедегі жағдай бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 748 өтінім қабылданып, 585 мүгедектігі бар азамат құралдармен қамтамасыз етілді. Яғни, атқарылған жұмыстар 78,2 % пайыз көрсеткішке жетті.
Сонымен қатар, тифлотехникалық құралдарға бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде 1221 өтінім қабылданып, оның 1051-і құралдармен қамтамасыз етілді. Яғни, атқарылған жұмыс - 86,1% пайыз.

Кресло-арбаға мұқтаж мүгедектерден 963 өтінім қабылданып, 803 құрал жеткізілді. Міндетті гигиеналық құралдарды қажет ететін мүгедектерден 8605 өтінім қабылданып, оның 7156-ы орындалды.
Аталған техникалық көмекші құралдар ағымдағы жылдың басында іске қосылған «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы іске асырылуда.

– «Әлеуметтік қызметтер порталы» - мүгедек тұлғаларға тікелей жабдықтаушылардан оңалту құралдар мен қызметтерін өз еркімен сатып алуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйе. Портал арқылы тек медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің қорытындысымен тағайындалған жеке оңалту бағдарламасы бар тұлғалар тиісті оңалту құралдарына тапсырыс бере алады, – дейді басқарманың мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс бөлімінің басшысы Майра Карибаева.

Шымкент қаласында 36 944 мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Оның ішінде 1-ші топтағылар саны - 3 335, 2-ші топтағылар саны - 14 821, 3-топтағылар саны - 12 309, 18 жасқа дейінгі мүгедек бала саны - 6 479.

Пікірлер