ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

1058
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында COVID-19 инфекциясына қарсы ревакцинациалау жұмыстары қолға алынды. Қазіргі таңда, 9 ай бұрын аталған індетке қарсы вакцинаның екі деңгейін де салдырған азаматтар медициналық ұйымдарда қайта екпе салдыруда.

Екпені қазіргі таңда медициналық қызметкерлер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, педагогтар, әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері контингенті, күштік құрылымдардың қызметкерлері және студенттер қабылдап жатыр.

Мамандардың айтуынша, мұнан алдын екі компонентті салдырған адамның ағзасында ковидке қарсы антиденелер қалыптасады. Екпеден кейін қалыптасқан иммунитет арада бірнеше уақыттардан кейін төмендей бастайды екен. Ал ревакцинация ағзада қалыптасқан иммунитетті қайта қалпына келтіріп, инфекциядан қорғану жүйесін арттырады. Сондықтан екпені үшінші кезеңде жасайтындарға бір ғана дозадан вакцина салынады.

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның үшінші компонентін алғашқылардың бірі болып салдырған қаланың бас санитар-дәрігері Ә.Төлебаев: «Вакцинадан кейінгі жағдайым бірқалыпты. Қала тұрғындарына айтарым, қайта екпе жасатыңыздар. Себебі, біз бұл індетті әлі толық жеңіп шықан жоқпыз. Індетті жеңуде жаппай иммундаудың маңызы зор екендігін тағы еске салғым келеді», - дейді.

COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша Шымкент қаласында жағдай салыстырмалы түрде тұрақты болып тұр. Бұл тұрақтылықты сақтауға қала тұрғындарының вакцина салдыруы едәуір әсерін тигізеді.

Бүгінгі таңда, қала бойынша жоспарланған 596 205 ересек тұрғындардың 95,8 пайызы коронавирусты инфекцияға қарсы 1-реттік егуді алған болса, 537051 адам 2-реттік егуін алып, ол 90,1% құрады.

Шымкент қаласының Ақпараттық - коммуникациялық орталығы

Пікірлер