ЖАСТАРДЫ ИНДУСТРИЯҒА ТАРТУ МАҚСАТЫНДА ҮШ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

1119
Adyrna.kz Telegram

2021 жылғы 24 қараша күні Шымкент қаласында орналасқан М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің ғимаратында жұмыссыз жастарды индустрия саласына жұмысқа тарту мақсатында «Оңтүстік-Қазақстан металлургиялық компаниясы», «Китайско-Казахстанская марганцевая индустриальная группа», «Шымкент металлургиялық компаниясы-ШМК», «Абайл өндіріс» ЖШС кәсіпорындары, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы өзара бірлескен меморандумға қол қойды.

Кездесуге М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, т.ғ.д.,профессор Д.Қожамжарова, аталған кәсіпорын басшылары мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова қатысты.

Меморандум аясында жастар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары» және «Алғашқы жұмыс орны» бағыттары бойынша металдар мен қорытпаларды сатумен, қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын қайта өңдеумен және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын көтерме саудада сатумен айналысатын кәсіпорындарға жолданатын болады.

Сонымен қатар, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің техникалық мамандық түлектерін тұрақты жұмысқа және «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағыттары бойынша мемлекет есебінен ақылы уақытша жұмысқа алатын болып келісілді.
Биылғы жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 28 286 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Оның ішіндегі 26 013 адам бүгінгі таңда жұмыспен қамтылып отыр. Атап айтқанда, 2 578 адам жастар практикасымен, 347 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылса, 118 адам «Алғашқы жұмыс орындары» жобасы аясында қаладағы түрлі кәсіпорындар мен мекемелерге жұмысқа орналасқан.

Шымкент қаласының Ақпараттық - коммуникациялық орталығы

Пікірлер