Израиль Иранға жойқын соққы жасауға дайындалуда

3258
Adyrna.kz Telegram

Израиль Иранға ядролық қару жасауға мүмкіндік бермеу үшін әскери операция дайындауда. Бұл туралы Израиль қорғаныс саласына қатысты "Галей ЦАХАЛ" радиосы жоғары шенді әскерилердің мәліметіне сүйене отырып мәлімдеді.

Израиль қорғаныс министрі Бени Ганц Вашингтонға сапары барысында Иранға соққы жасау мүмкіндігі жайлы айтқан. Израиль барлаушылары қазіргі таңда Иранның ядролық қаруды жасауға өте жақын қалғанын айтуда. "Олар асықпайды, себебі қызыл сызықтан өтсе не боларын жақсы біледі. Дегенмен біз Иранға уранды байытуға қарсы тұрамыз", — дейді атын жасырын ұстаған әскери маман "Галей ЦАХАЛ" радиосына берген сұхбатында.

Сәуір айында Иран уранды  20%-дан до 60%-ға дейін өндіретінін мәлімдеген болатын. Бұл туралы шешімді Иран өзінің комплекстеріндегі жарылыстан кейін қабылдаған еді. Тегеран өзіне шабуыл жасады деп санайды.  Израиль сарапшылары Иран алдағы екі айда ядролық қару жасайды деп болжайды. Сондықтан Иранның әскери нысандарына соққы жасауға дайындалуда.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер