115 жылқы ұрлап, жасырынып жүрген павлодарлық Мәскеуде ұсталды

2888
Adyrna.kz Telegram

115 жылқы ұрлап, жасырынып жүрген павлодарлық Мәскеуде ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

115 бас жылқы ұрлады деп күдіктелетін Павлодар облысының 54 жастағы тұрғыны сот төрелігінен қашып, елден тыс жерге кеткен. Павлодарлық полиция қызметкерлері Ресей Федерациясы Мәскеу қаласының қылмыстық іздестіру бойынша әріптестерімен бірлескен жедел іс-шаралары нәтижесінде, қашқынның жүрген жерін анықтады.

Ер адам Мәскеу метроларының бірінің станциясында ұсталды. Ол полициядан үш жыл бойы жасырынған. Қазіргі уақытта бірқатар қажетті тексерулер жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы мәселе шешілетін болады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының жедел уәкілдерінің күшімен қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған 96 қылмыскер ұсталды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер