Шымкент: Инсульт орталығы тәулік бойы қызмет көрсетуге көшті

984
Adyrna.kz Telegram

Енді тәуліктің кез келген уақытында инсульт алған науқастарға дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсетіп, ота жасай алады. Осылайша медицина мамандары өлім-жітім көрсеткішінің алдын алып, инсульттің салдарынан пайда болатын мүгедіктік санын азайтпақ.

Аурухананың бас дәрігері Асқар Рахметалиевтің бастамасымен науқастар түнгі уақытта да ем қабылдауы үшін осындай қолайлы жағдай жасалып отыр. Қалалық №2 аурухана базасынан ковид орталығы ашылып, үш ай бойы емдеу орталығының мамандары қауіпті індетке шалдыққан науқастарға емдеу жұмыстарын жүргізді. Мұнда инфекциялық стационар жұмысын тоқтатып, 17 қыркүйектен бері аурухана қалыпты режимде жұмыс істеуде. Ал аурухана базасындағы инсульт орталығы бірден тәулік бойы жұмыс істеуге көшті.

Айта кетейік, қалалық №2 ауруханада соңғы үлгідегі экспрерт класты бипланды Philips Azurion 7 В20/15 ангиографиялық аппараты мен өкпені жасанды тыныстандыру, цифрлы ренген сынды инсульт ауруын емдеуге қажет аппараттар орнатылған. Заманауи құрылғылармен Литва, Германия, Франция, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Түркия, Ресей Федерациясында біліктілігін арттырып келген мамандар жұмыс істейді.

24 сағаттық режимдегі инсульт орталығында білікті мамандар 20 науқасқа күрделі ота жасап үлгерді. Оның ішінде 18 науқасқа инсульт, 2 науқасқа жүрек-қан тамырлары бойынша тіліксіз операция жасалды. Хирургиялық ем жасалған науқастардың барлығының да ем қабылдау барысында жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылған.

Пікірлер