Өзбекстанда мәдениет министрлігі қызметкерлері ұлттық нақыштағы тақия киіп жүруге міндеттелді

3766
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан Мәдениет министрлігі қызметкерлеріне төбетей киюге бұйрық берді. Бұл туралы ведомство басшысы Озодбек Назарбеков мәлімдеді. Бұл ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау мақсатында жасалған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Орда.кз сайтына сілтеме жасап. 

– Әр халықта ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр, құндылықтарға құрмет болатыны тарихтан белгілі. Атап айтсақ, халқымыздың бас киім, беқасам шапан, жібек белбеу сынды ұлттық киімдері бүгінде де құндылығын жойған жоқ. Осы құндылықтарды ұстанып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін жаңа бастаманы қолға алдық. Қазір Мәдениет министрлігі қызметкерлері жұмыс орнында өзбектің ұлттық бас киімін киіп жүр, – деді Назарбеков.

Министр барлық сала өкілдерін, шығармашылық адамдарын, патриоттарды қарамағындағылардан үлгі алуға шақырды. Бұл шара елдің Конституциясы күніне орайластырылды.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер