Ми инсультын 10 минутта анықтайтын жасанбы интелект іске қосылды

2649
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қалалық №2 ауруханасының базасында ишемиялық және геморрагиялық инсульттің автоматтандырылған диагностикасы үшін нейрорадиология саласындағы жасанды интеллект жүйесі іске қосылды.

Ми инсультын 10 минут ішінде анықтайтын «CEREBRA» жобасының таныстырылымы барысында жаңа жүйемен жұмыс істеу әдісі мен аурудың ерте сатысында анықтаудың маңыздылығы толығымен түсіндірілді.

Қазақстандық тың жоба арқылы медицина мамандары инсультты ерте деңгейде анықтап, ишемияға ұшыраған аймақты уақытында емдеуді бастауға, операция жасауға қарсы көрсетілімнің бар-жоғын анықтау мен емдеу шараларын дер кезінде жүргізе алады. Сонымен қатар аталмыш аппарат инсульт ядросындағы тіндердің тығыздығының өзгеруін есептеп отыруға мүмкіндік береді. Келешекте жасанды интеллект жобасын неврологияда қолдану жоспарлануда.

Қазіргі уақытта «CEREBRA» жобасына республика бойынша 6 қала мен 8 инсульттық орталық қосылған. Ресми мәліметтер бойынша елімізде жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсультқа ұшырайды екен. Сала мамандарының айтуынша бұл ауру соңғы жылдары жастар арасында да жиі кездесіп, жылдан жылға жасарып барады. Сондықтан бұл дерттің алдын алуда ерте диагноз қойып, емделудің қолжетімділігін арттыру бағытындағы іс-шараларды көптеп ұйымдастырған абзал екендігін атап өтті.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер