Омикрон штамы коронавирусты қайта жұқтыруды 3 есеге арттырады

3219
Adyrna.kz Telegram

Коронавирустың "омикрон" штамы COVID-19-бен ауырған адамдарға инфекцияның қайта жұғу қауіпін үш есе арттырады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы RG басылымына сілтеме жасап. 

Мамандар келтірген дерек бойынша "омикрон" COVID-19-ға қарсы иммунитетті айналып өте алады. Инфекциялық аурулар институтының қызметкері Энн фон Готтберг аурудың ауыр формасынан тек вакцина қорғай алатынын айтады

Бұған дейін Оңтүстік Африкалық дәрігер Анжелик Кутзее омикрон штамының белгілері коронавирус белгілерінен мүлде бөлек екенін мәлімдеген еді. Ол науқастарда шаршаңдық пен әлсіздік байқалғанымен, дәм мен иіс сезеді деген. 

Қазір жаңа штамм әлемнің 20 елінен анықталған. Вирустың бұл нұсқасы ғалымдар омикронды анықтағанға дейін бір апта бұрын тарай бастаған. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше халықаралық саяхаттарды толығымен тоқтату вирус таралуын тежейді.

Сонымен қатар омикрон коронавирусқа қарсы жасалған вакциналарға қарсы тұра алуы мүмкін. Moderna компаниясының директоры Стефан Бансель жаңа вакцина жасауға бірнеше ай қажет екенін айтқан.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер