Тісіңізге емес, түсіңізге кіреді: ет бағасы бір жылда қалай өзгерді?

2887
Adyrna.kz Telegram

Биыл елімізде ет бағасы 11 пайызға қымбаттаған. Оның ішінде қой етінің бағасы 16 пайызға артқан. Дегенмен ет және құс етін өндіру бір жылда 6 пайызға өсіп отыр деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "energyprom.kz"-ке сілтеме жасап.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметі бойынша әлемде ет пен құс етіне азық-түлік бағасының индексі 112,1 тармақты – 20,3 тармақты немесе бір жыл бұрынғыдан 22,1%-ды құрады. Өткен жылдың сәйкес айына қатысты ағымдағы жылы ең жоғары индексі шілдеде тіркелді: 114,1 балл.

Қазақстанда қазан айында ет пен құс етінің бағасы 2020 жылғы қазанмен салыстырғанда 10,7%-ға өсті. Бұл  биылғы ең жоғары жылдық өсу қарқыны.

Өңірлерді алып қарасақ,  бір жылда ет пен құс етінің бағасы Қостанай облысында 4,1%-ға, ал Түркістан облысында 18,4%-ға өсті. Сондай-ақ Маңғыстау облысында (16,6%-ға) және Шымкентте (16,4%-ға) айтарлықтай өсім байқалды.

Сондай-ақ биыл қой мен құс етінің бағасы Қазақстанда — 15,7%-ға, жылқы еті — 11,2%-ға, шошқа еті — 8,7%-ға, сиыр еті 8,6%-ға қымбаттады. Қазан айында елімізде жылқы етінің бағасы едәуір көтерілді, атап айтсақ, орташа есеппен бір келі ет 2557 теңге болды.

Бұдан кейінгі орындарды — қой еті (1 кг 2399 теңге) және сиыр еті (1 кг 2234 теңге) . Қазақстан  қалаларында шошқа етінің бөлшек саудадағы бағасы орташа есеппен келісіне — 1808 теңгені, тауық етінің келісі 1047 теңгені құрады.

Бұл ретте елімізде ет пен құс етін, сондай-ақ олардан алынатын тамақ өнімдерінің өндірісі бір жылда 6,4 пайызға өсіп, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында көлемі 250,7 мың тоннаға жетті. Оның 194,8 мың тоннасы — құс еті, 55,9 мың тоннасы — ірі қара, ұсақ мал, шошқа, жылқы және жылқы еті .

Құс етін өндірудің 79%-ы тек үш облыстың үлесіне тиеді: Алматы (66,6 мың тонна), Ақмола (56 мың тонна) және Шығыс Қазақстан (31,3 мың тонна) облыстары. Өндірілген еттің жартысынан астамы да тағы үш облыстың үлесіне тиді: Ақтөбе (14 мың тонна), Қостанай (7,4 мың тонна) және Павлодар (6,9 мың тонна) облыстары.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер