Иран мен "Талибан" жасақтары арасында қарулы қақтығыс болды

3510
Adyrna.kz Telegram

Иран мен Ауғанстан шекарасында ирандық армия мен "Талибан" радикалды қозғалысының содырлары арасында қақтығыс болды. "Tasnim" ақпарат агенттігінің жазуынша, бұған талибтердің іс жүзінде шекараның қай жерде екенін білмеуі себеп болған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бірнеше жыл бұрын Иранның Систан және Белуджистан провинцияларында Ауғанстан шекарасынан бірнеше жүз метр жерде контрабандашылармен күресу үшін қабырғалар тұрғызылған. Иран шаруалары Ислам республикасының территориясында қалып, осы қабырғалардан өткен. Алайда биыл тамыз айында Ауғанстанда билікті басып алған тәлібтер шаруаларды Ауғанстанның Нимроз провинциясының Канг ауданында деп ойлап, оларға оқ жаудырған.

Иран армиясы жауап ретінде атыс қаруы мен D-30 гаубицасымен атқылаған. Өз кезегінде "Талибан" қару-жарақтарды, атап айтқанда Ауғанстаннан шетелдік әскерлер шығарылғаннан кейін алған "Хамви" броньды машиналарын пайдаланған.

Желіде екі жақтың атыстарының видеосы пайда болды. Ауғанстандық БАҚ "Талибан" содырлары қақтығыс кезінде Иран шекарасындағы екі бақылау-өткізу бекетін басып алғанын хабарлады. Алайда ирандық БАҚ бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Анықталғандай, атыс бірнеше сағатқа созылған. Иран шекарашылары мен "Талибан" қозғалысының келіссөздерінің нәтижесінде соғыс қимылдарын тоқтатуға мүмкіндік туды. "Талибан" қозғалысының мәліметінше, екі жақтан да ешкім өлмеген немесе жараланбаған.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер