Құлсарыда 7 баласы бар ананы бірнеше жерден пышақтап, өлтіріп кетті

6676

25 қарашада түнде Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы жергілікті “Ақ Жайық” газетіне сілтеме жасап. 

35 жастағы әйелді бірнеше жерден пышақтап кеткен. Әйел ауыр жарақаттың салдарынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстың себебі анықталып жатыр.

Қайтыс болған әйелдің артында күйеуі, жеті баласы қалды.

Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Жылыой ауданының тумасы, 25 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтыланған ақпаратты кейін беретінін мәлімдеді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket