Түнгі уақытта. Атырау облысында жер сілкінісі тіркелді

1473
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06
Қазақстандық сейсмологтар Атырау облысы аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Қазақстан Ұлттық деректер орталығының жедел мәліметі бойынша, жерасты дүмпулері 10 сәуір күні сағат 01:40-та (Астана уақытымен) тіркелген. Жерасты қозғалысының эпицентрі Кұлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде орналасқан. Сейсмикалық дүмпудің магнитудасы — 4,3; энергетикалық класы — 9,1 болған. Әзірге зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ. Айта кетейік, бұған дейін 28 наурызға қараған түні Жамбыл облысының бірнеше ауданында жер сілкінісі тіркеліп, Мерке ауылында 5 балдық, Күлан ауылында 4 балдық, ал Тараз, Шу, Қордай және Мойынқұм аудандарында 2 балдық дүмпулер байқалған еді. Сол күні түстен кейін тағы бір жерасты қозғалысы орын алған. Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының дерегі бойынша, магнитудасы 5,0 жер сілкінісі Мерке ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде тіркелді. Жамбыл облысында болған қос сілкіністің салдарынан екі ауданның 20-дан астам нысанына зақым келген болатын. Қазір өңірде сейсмикалық ахуалды бақылау және талдау жұмыстары жалғасып жатыр.
Комментарии