Жетімдер үйінде өстім, кетуге қорықтым: 5 баласы бар ананы азаматтық некедегі күйеуі ұрып-соққан

5918
Adyrna.kz Telegram

5 баласы бар Өскемен тұрғынын азаматтық некедегі жұбайы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Өскемен қалалық полиция басқармасының мәліметінше, Маргарита есімді келіншектің азаматтық некедегі күйеуінен бес баласы бар.

Маргаританың айтуынша, күйеуі тек өзіне ғана емес, балаларына да қол көтере бастаған.

"Үйде ештеңеге көмектеспейді. Мен одан кетіп қалуға қорықтым, өйткені өзім балалар үйінен шыққанмын – көмек күтетін басқа ешкім жоқ, сонымен қатар неше жыл бойы жұмыс істемей үйде балалармен отырдым", - дейді Маргарита.

Алайда 23 қараша күні езгіге шыдамаған Маргарита балаларын алып, түн ішінде үйден қашып кеткен.

Құрбысының шаруа қожалығына бет алған көп балалы ана онда көп тұрақтамайтынын біліп, Өскемен қаласының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша полиция қызметкерлерінен көмек сұрады.

Балаларының барлығы кәмелет жасына толмаған. Сол себепті Маргаритаға уақытша тұрақтайтын жер берілді.

"Әрине, бұл отбасы полиция қызметкерлерінің бақылауында болады, болашақта оларға көмек пен қолдау көрсетіледі", - деп түсіндірді Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер