Мектеп директоры 3 баласымен терезеден секірген әйел туралы бар шындықты айтты

22997
Adyrna.kz Telegram

Мектеп директоры балаларымен терезеден секірген әйел туралы айтып берді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайтыс болған 6 жасар қыз оқыған №141 мектеп директоры бұл отбасынан ешқандай ерсі қылықтар байқамағанын айтады.

"Қыз бірінші сыныпта оқитын. Ашық-жарқын қыз еді, өте жақсы оқыды. Біздің мектепте қыркүйектен бері оқиды. Баланың туу туралы куәлігіне қарағанда, отбасы Түркістан облысынан келген. Мұғалім қыздың анасын ғана көрген, күнде мектепке қызын әкеліп, алып кететін. Қыз отбасында кикілжің болғанын айтып шағымданбады. Анасы қарапайым әйел еді, айтарлықтай ештеңе байқалмады", - деді директор.

Директордың айтуынша, олар қыздың әкесі туралы ештеңе білмеген.

Бұған дейін Алматыда әйел кішкентай үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткені хабарланған болатын. Оқиға орнында әйел мен екі бала қаза тапты. Жедел жәрдем көлігінде тағы бір бала қайтыс болды. Кейін куәгерлер оқиға қалай болғанын айтып берді.

Айта кетейік, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеліп жатыр. Тергеу-жедел тобы құрылған.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер