Әзербайжанда жарылыс. Бір отбасының бес мүшесі қаза тапты

1389
Adyrna.kz Telegram
Фото: Trendy.az
Фото: Trendy.az

Әзербайжанның Хиндарх ауылында болған жарылыс салдарынан бір отбасының бес мүшесі қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Trend.az басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, қайғылы оқиға кішкентай баланың қоқыстан граната тауып алып, оны үйіне әкелуінен басталған. Бала жарылғыш затты отбасы мүшелеріне берген сәтте граната іске қосылып, жойқын жарылыс орын алды.

Аудандық прокуратураның мәліметінше, оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған. Қаза тапқандардың үшеуі – бала.

Әзербайжанның Бас прокуратурасы бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады. Құқық қорғау органдары жарылғыш заттың ауылға қалай жеткенін анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер