АБЗАЛ ҚҰСПАН: Біздегі саясатта, биліктің саясатында ешқандай принцип жоқ!

462
«Нас погубят — политика без принципов, удовольствия без совести, богатство без работы, знание без характера, бизнес без морали, наука без человечности и молитва без жертвы».
М.Ганди
Біздегі саясатта, биліктің саясатында ешқандай принцип жоқ! Кешегі ана мен балалардың өлімін алып қарайық. Осы елді басқарып отырған (басқарып отыр деп есептелетін) президенттен бастап, бір билік өкілі өзін сол жағдайға кінәлімін деп есептей ме? Жоқ!
Олар қарапайым адамдардың трагедиясына бастарын қатырмайды да, әсіресе өз ұлтының.
Ресми статистика бойынша суицидтен әлем бойынша 3-ші орындамыз, бұл ДДСҰ (ВОЗ) мәліметі. Бұл және бір емес, бірнеше жылдан бергі жағдай!
Бірақ, Сіз осы кезге дейін мемлекет басшысы демей-ақ қояйын, ең құрығанда әлеуметтік салаға жауапты министрдің осыған бас қатырып, ел-жұртпен ақылдасқан сәтін көрдіңіз бе?
Мен көргем жоқ. Есесіне суицидке қарсы күрес деген желеумен жыл сайын миллиондаған теңгенің тендерлерін қатарынан жеңіп ала беретін “фирмаларды” білемін...
КОНСТИТУЦИЯМыздың 1-бабында жазылған “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары”-деген сөздерге иланатын адам әлі де бар ма, арамызда?.
Қазір біздің барлық деңгейдегі шенеуніктеріміз келе жатқан 1-ші желтоқсан - “тұңғыш Елбасы күніне”, одан кейін “типа Тәуелсіздіктің 30 жылдығына” қызу дайындық үстінде. Кім қандай сый-сыяпат алар екен, кімге қандай медаль, ал кімге ОРДЕН бұйырар екен?!
Шенеуніктер арасындағы қазіргі әңгіме осы, ол жерде үш сәбиімен бірге өлім құшқан жас анаға орын жоқ!
Бірақ, оларға ренжіп қайтеміз? Күні ертең осы жерде отырған өзімізде сол құттықтаулар мен одаларға қосылып кете беретініміз анық қой…
Пікірлер
Редакция таңдауы