Шымкентте провизорлық стационарлар 80% босады

2798
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте провизорлық стационарлардағы төсек-орын саны 80 пайызға босады. Бұл жөнінде бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қаладағы эпидемиялогиялық ахуал күннен-күнге жақсарып, COVID-19-ға шалдыққан науқастардың саны азаюда. Шымкенттің медициналық ұйымдарында 26 провизорлық бөлімше жұмыс істеген. «Бүгінгі күні провизорлық орындардың 19 пайызы ғана жұмыс жасап, 81 пайызы босады», - деп хабарлады Т.Вазилов. Медициналық мекемелер тамыздан бастап қалыпты жағдайдағы жұмыстарын бастаған. Яғни, науқастар жоспарлы түрде ем қабылдауына болады. 11 тамыздағы жағдай бойынша Шымкент қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны – 5114, оның ішіне 2608 симптомды, 2506 симтомсыз. Індетінен айыққандар саны 3865-ке жетті. Айта кету керек, елде жарияланған карантин өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына оң әсерін тигізді

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер