Шымкенттік «Шапағат» орталығында 200-ден астам мүмкіндігі шектеулі азамат оңалту шараларымен қамтылған

1976
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне, денсаулығын оңалтуға бағытталған шараларды жүзеге асырады.

Осыған орай, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова аталған орталықтың жұмыс барысымен танысып, қызмет алушылармен кездесті.

Жыл басынан бері «Шапағат» оңалту орталығында 8 ауысым бойынша жалпы 263 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілді.
Орталықта 18 жастан асқан тірек-қимыл жүйесі бұзылған І және ІІ топтағы мүгедектер негізгі жеті түрлі бағытта әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтылған.

Шымкент қаласы бойынша 43 автоматты «Әлеуметтік такси» І,ІІ топтағы және 16 жасқа дейін тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі жандарға, 18 «Инватакси» қызметі арнаулы жабдықталған қол арбадағы мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдайды.

Сонымен қатар, биыл мүгедектігі бар азаматтарға Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды.
Яғни, ерекше топтағы азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілуде.

Пікірлер