Pfizer вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді

3342
Adyrna.kz Telegram

18 қарашада Алматыға Pfizer (Comirnaty) компаниясы шығарған COVID-19-ға қарсы вакцинаның кезекті партиясы келді. Жүк құрамына 266 760 доза кірді. Pfizer компаниясымен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша бірыңғай дистрибьютор барлығы 4 млн.230 мың доза сатып алды.

Қабынуға қарсы препаратты американдық Pfizer компаниясы және Германияның BioNTech технологиялық компаниясы шығарған. Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасын ДДҰ-ы шұғыл пайдалануға рұқсат етілген.
Келген вакцина ҚР ДСМ СЭБК-нің рұқсаттамасына сәйкес жедел түрде еліміздің өңірлеріне жіберілді.

Comirnaty вакцинасын жеткізу тікелей облыстық Денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жүзеге асырылады. Вакциналарды тасымалдау "суық тізбек" қағидаты бойынша жүргізіледі — әрбір кезеңде температуралық режимді қатаң сақтау қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, әр деңгейде өзінің жауапты ұйымы және жауапты тұлғалары бар.

Вакцина логистикасының операторы - Comirnaty вакцинасын тасымалдауға мамандандырылған Pfizer компаниясының серіктесі болып табылатын UPS халықаралық логистикалық компаниясы. UPS компаниясы вакциналарды ультра төмен температуралық режимді қолдайтын "Pfizer" компаниясының "Softbox" арнайы тасымалдау контейнерлерінде тасымалдайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Пікірлер