Вакцина салдырған сарбаздардың “қайтыс болғаны” рас па?

7191
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде COVID-19-ға қарсы вакцина алған сарбаздардың жаппай қайтыс болғаны айтылатын видео таратып жатыр. Желідегі видеода расымен де әскери қызметкерлер мен оларға көмек көрсетіліп жатқан сәт түсірілген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Stopfake ақпарат көзі рас өтірігін анықтап берді. 

Бұл видео 2021 жылдың тамызында ағылшын тілді ортада көп тараған. Оған сипаттама ретінде видеодағы әскерилердің COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алғаны, олардың кенеттен қайтыс болуына да вакцина себеп болғаны жазылған.

Ал шындығында бұл видео биыл 21 тамызда Үндістанда төзімділік жарысы кезінде түсірілген. Қатты ыстық пен ауаның ылғалдығына байланысты 34 сарбаз есінен танып қалған. Жарыстың 72 сағатқа созылғаны белгілі және сарбаздар есінен танбас бұрын 10 шақырымды толық жабдық пен қару-жарақты көтеріп жүріп өткен.

Зардап шеккен сарбаздың барлығы ауруханаға ыстық өткен деген диагнозбен жеткізілді. Ішінде бір сарбаз қайтыс болды, бірақ оған COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның еш қатысы жоқ.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер