Шымкентте жұмыссыз азаматтарға арналған көшпелі бос жұмыс орындары жәрменкесі өтті

57

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, “Жастар ресурстық орталығымен” бірлесе қаладағы шалғай елді мекендерінде жұмыссыздарға арналған көшпелі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Бүгін, яғни 29 қыркүйек күні Абай және Әл-Фараби аудандарының тұрғындарына қаладағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындары тарапынан 2000-нан астам медициналық, техникалық және педагогикалық мамандықтары бойынша тұрақты және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде уақытша бос жұмыс орындарын ұсынылды.

- Бүгінгі бос жұмыс орындарының көшпелі жәрмеңкесі қаладағы шалғай елді мекендерінде тұратын жұмыссыз азаматтарға ұйымдастырылып отыр. Бос жұмыс орындарын ұсынып қана қоймай, нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамту, жұмыс беруші мекемелердің сұранысына сай қажетті маман таңдауларына мүмкіндік беріледі. Алдағы уақытта да осындай шаралар өз жалғасын табады-деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова.

Айта кетсек, күні ертең 30 қыркүйек күні қалалық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Қаратау ауданы, Қайнарбұлақ саяжайындағы №83 мектебінде сағат 10.00-13.00-де,ал Еңбекші ауданы, "Жұлдыз" м/а, М. Маметова көш, 30/1,268 орамда орналасқан №94 мектебінде сағ 15.00-18.00-ге дейін аралығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді.

Жалпы, жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 19 мыңнан астам шымкенттіктер жұмыспен қамту шараларына қатысты. Оның ішінде
7 329 адам бос жұмыс орындарына, 695 адам жаңа жұмыс орындарына, 331 әлеуметтік жұмыс орындарына , 2524 адам жастар практикасымен, 2845 адам қоғамдық жұмысқа және 114 адам «Алғашқы жұмыс орындары» жобасы бойынша жұмысқа жолданды.

Пікірлер
Редакция таңдауы