Ақтауда уақытша полицей болған тұрғынның ісін ПД тексеруде (ВИДЕО)

2819
Adyrna.kz Telegram

Ақтау тұрғыны бағдаршам жұмыс істемейтін көше қиылысында уақытша жол сілтеуші болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның бұл әрекетін куәгерлер видеоға түсіріп алған.

«Лада» хабарлап өткендей, «халықтық» жол сілтеуші жүргізушілерді қуантты.

Жарайсың. Бағдаршам жұмыс істемейді, мұнда шақырымға созылған кептеліс болып жатыр, ал жас жігіт тұрып, барлығын тәртіпке келтіріп, біздің полицейлердің жұмысын істеп жатыр, - дейді автор.

Қайырымды іс болғанымен, көліктердің қозғалысын бағдаршамның бос тұрған қиылысында және полиция қызметкерлері жоқ жерде ретке келтірген жергілікті тұрғынның тәртіп сақшысының қызметін атқаруға құқығы жоқ. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Жол қозғалысын жүргізуге полиция қызметкері ғана құқылы.
Осы факті бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп жатыр, - деді ПД.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер