Шымкент: «Мәртөбе» кешенін көруге 70 мыңдай турист келген

918
Adyrna.kz Telegram

Бүгінде Шымкент қаласында 110 туристік нысан бар. Оның жетеуі республикалық маңызы бар «Қазақстанның киелі жерлері» жобасына енген.

Осындай тарихи әрі туристік нысанның бірі – Мәртөбе кешені.

Ерекше кешен Шаһардағы Сайрам тұрғын алабы мен Қарамұрт ауылының аралығында орналасқан. Қалашықтың орны ҮІІ-ХІІ ғасырларға тән. Биіктігі 6-7 метрді құрайды.

Бұл аумақта әйгілі Дала парламентінің келелі жиындары өтіп, «Жеті жарғыға» мөр басылған. Қолайлы климат, айналаның «бір көзден» көрінісі, Ташкент пен Түркістан сияқты ірі қалалардың жақын орналасуы – осы қазақ билері жиналатын жерді таңдаудың негізгі факторы болған.

Мәртөбе кешені бүгінгі таңда танымал туристік аймақтардың бірі болып келеді. Өткен жылдан бері тарихи нысандарды тамашалауға 70 мыңдай турист келген.

Мөлдір Ибадуллаева

Пікірлер