Қазақстан арқылы шекарадан өткен Ауғанстан азаматтары ұсталды

4615
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысында Ауғанстанның 9 азаматы Қазақстан-Ресей шекарасын заңсыз кесіп өткен деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  "mgorod.kz-ке" сілтеме жасап.

Басылым сенімді дереккөздерге сілтеме жасап, биылғы жылдың қазан айында 9 Ауғанстан азаматы Жамбыл облысы арқылы шекарадан өтіп, Қазақстанға келгенін хабарлады. Олар бүкіл республиканы аралап шығып, Бәйтерек ауданы, Даринское ауылының маңында шекараны заңсыз кесіп өткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, ауғандықтарды ресейлік қауіпсіздік күштері ұстаған.

ҚР ҰҚК Ауғанстан азаматтарының шекараны заңсыз кесіп өткені туралы ақпаратты растады. Ведомствоның хабарлауынша, бұл факті биылғы жылдың 10 қазанында ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Тергеу басқармасында тіркелген.

ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабының 2-бөлігі "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабының 2-бөлігіне сәйкес бұл іс адамның өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасаған әрекеті болып табылады.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер