Қазақстан мен Түркия арасында арнайы келісімге қол қойылды

2014
Adyrna.kz Telegram

11-қарашада Стамбұлда түркі елдерінің экономикалық және сауда қатынастарын дамытуға қатысты конференция өтті.  Конференция аясында бірқатар келісімдер жасалды. Келісімге қол қою рәсімі Стамбұлда Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Түркияның Сауда министрі Мехмет Муштің қатысуымен өтті.

Ресми рәсімнің алдында Қазақстан мен Түркия делегациялары арасында кездесу іске асырылды.

Аталған кездесуден кейін Қазақстан-Түркия "Трансшекаралық орталықтар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге" Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Түркияның Сауда министрі Мехмет Муш қол қойды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер