Атап айтқанда, Мирас спорт кешені. Мұнда 5 пен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер футбол мен дзюдо секциясына тегін қатыса алады.
Жаңа футбол алаңында 13 жасқа дейінгі балаларға арналған республикалық және халықаралық турнирлер өткізуге болады. Жаңа спорт нысанының ашылуы күзге жоспарланған.
Сондай-ақ, бокстан әлем чемпоны Біржан Жақыповтың «Әли спорт» клубы да бокс пен дзюдодан болашақ чемпиондарды тәрбиелеуде. Мұнда 200 -ге жуық бала спорттан тәлім алып жүр. Жас спортшыларды алға қарай құлшындырушы - Біржан Жақыповтың өзі. Ол әлем чемпионы және Олимпиада ойындарына қатысушы.
Ал Қызылжар шағынауданындағы спорт кешенінде ұлдар мен қыздар бокс, дзюдо, грек-рим күресі және каратэмен тегін шұғылдана алады. Клуб каратэ мен күрестен алғашқы чемпиондарын дайындап шығарды.
Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, қазақстандықтардың 35 пайызы бұқаралық спортпен қамтылуы тиіс. Осыған байланысты қала аумағында әрбір қала тұрғынын спортпен қамту үшін көптеген спорт алаңдарының құрылысы жоспарланып отыр.