Шымкентте кавасаки тәріздес синдромға шалдыққан бес жасар бала ауруханадан сауығып шықты

1211
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте кавасаки тәріздес синдромға шалдыққан бес жасар бала ауруханадан сауығып шығып, отбасына оралды. Ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскен балақайға дәрігерлер шұғыл түрде реанимациялық көмек көрсетіп, өмірін аман алып қалды.

Қауіпті инфекцияға шалдыққан баланы емдеу үшін дәрігерлер екі аптадан аса емдеу шараларын жүргізіп, оң нәтижеге қол жеткізген.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 30-шіле күні «Асар» шағын ауданындағы балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметімен бес жасар бала ауыр халде жеткізілген.

Науқас бала жеті күндей жансақтау бөлімінде жатқан. Алынған сынама нәтижесінде кавасаки тәріздес синдром анықталған.

Емдеу шараларымен қатар мамандар инфекцияға шалдыққан баланың ағзасындағы өзгерістерді дер кезінде анықтап, өміріне төнген қауіпті алдын алған.

Қауіпті инфекциядан жазылып шыққан балақай енді жергілікті тіркелген емханадағы дәрігерлердің бақылауына болады.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада кавасаки тәріздес синдром екі баладан анықталған. Қауіпті инфекция коронавирустың асқыну салдарынан пайда болады.

Пікірлер