Анасы мен ұлы лотореядан әрқайсысы 17,5 млн теңге ұтып алды

3850
Adyrna.kz Telegram

Англияның Бутл қаласында анасы мен ұлы лотореядан бір уақытта әрқайсысы 17,5 миллион теңгеден (30 мың фунт стерлинг) джекпот ұтып алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ұтысқа ие болған 60 жастағы әйел алғашында лоторея ойнағысы келмегенін жасырмады. Алайда ұлы оны көндірген. Өзі ұтқасын, жанындағы жақындарын да ұтыс ойнауға шақырған.

Британиялық ұтыс иегері енді біраз уақыт бойы ақшаға алаңдамайтынын, сондай-ақ ол ақшаны Абу-дабиде тұратын әпкесіне барып келуге жұмсайтынын айтты.  

Ал баласы Пол ұтысын екіге бөлетінін айтты. Бір бөлігіне ұлына сыйлықтар алса, екінші бөлігін сақтап қоймақ.

Лотерея билетінің құны – шамамен 5 800 теңге (10 фунт стерлинг). 33 пайызы арнайы қайырымдылық қорына аударылады екен.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер