8 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 310 турнирінің жартылай басты жекпе-жегі өтті. Онда қазақстандық Шавкат Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрриді жеңіп, аралас жекпе-жектегі 19-шы жеңісіне жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл жекпе-жек уақытша жартылай орта салмақтағы титул үшін бес раундқа жоспарланған болатын. Екі спортшы да октагонға жеңілмеген бәсекешілер ретінде шықты. Шавкаттың рекорды 18-0, ал ирландиялықтың рекорды 15-0 болатын.
Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновтан америкалық промоушенде алғаш рет жеңіліс тапты.
Кездесу бес раундқа созылып, төрешілердің шешімімен жеңіске қазақстандық Шавкат Рахмонов жетті. Дегенмен, ирландиялық отандасымыз үшін мықты қарсылас болды. Соңғы раундта Рахмонов қиын жағдайға тап болғанына қарамастан, жекпе-жекті сәтті аяқтай алды. Осылайша, ол 19-шы жеңісіне жетті, оның ішінде жетеуі UFC аясында.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмоновты жеңісімен құттықтап, кәсіби спортта табыс тіледі.