«Абай» шахтасындағы апат: зардап шеккендер есін жиды

2200
Adyrna.kz Telegram

Метан газының жарылуынан зардап шеккен шахтерлер реанимациядан Қарағанды облыстық Мақажанов атындағы медициналық орталығының токсикология бөлімшесіне ауыстырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- 7 қарашада Мақажанов атындағы емханаға метан және көмірқышқыл газынан уланған 1960 және 1963 жылы туылған екі науқас жеткізілді. Олар алғашқы көмек алу үшін жансақтау бөліміне түсті. Науқастар бүгін өздерін жақсы сезінгендіктен, палатаға ауысты", - деді Мақажанов атындағы ОМС жағдай орталығының басшысы Ерік Шонбаев.

Осы орайда, бүгін Қарағанды облысының әкімі кеңес өткізіп, барлық шахталардағы газдың ластану деңгейін және өңірдегі барлық өндірістік нысандардағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырды. Төтенше жағдайдың себептері мен жағдайларын тергеу барысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның барлық шахталарының қызметі тоқтатылды.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қараша сағат 08.30-да Абай шахтасында жарылыс болды. Бұл кезде жер астында 64 адам болған. 6 адам қаза тапты. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер