31 пайыз: Қырғызстан кедейленіп кетті

3050
Adyrna.kz Telegram

Коронавирус пандемиясы басталғаннан кейін табысы кедейлік шегінен төмен қырғыз азаматтарының үлесі 20%-дан 31%-ға дейін өскен. Ал елдегі туризм саласының айналымы осы кезеңде 80 пайызға төмендеген. Бұл туралы Қырғызстанның Экономика және сауда министрі Данияр Амангелдиев мәлім етті деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол бұл мәлімдемені ДСҰ министрлерінің 12-ші конференциясы аясында өткен "теңізге шығу жолы" жоқ дамушы елдердің сауда министрлерінің кеңесінде сөйлеген сөзінде де айтты.

"Коронавирус инфекциясы 2020 жылы Қырғызстанда ЖІӨ-нің 8,6%-ға төмендеуіне әкелді. Еңбек сыйымдылығы жоғары салалар бұдан да қатты зардап шекті", - деді Д.Амангелдиев.

Министр Қырғызстандағы індет саудаға, сондай-ақ көлік пен құрылыс салаларына қатты әсер еткенін айтты. Инфляция 2019 жылғы 3%-дан 2020 жылы 10%-ға дейін өсті. Өндіріс көлемінің төмендеуі, бюджет тапшылығының артуы және ұлттық валютаның құнсыздануы салдарынан мемлекеттік қарыз 16%-ға өсіп, 2020 жылы ЖІӨ-нің 68%-ын құраған.

"Қырғызстандағы кедейлік деңгейі табыстың төмендеуі мен жұмыссыздықтың өсуіне байланысты өсті", - деп қосты министр.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер