Ақжайықта балаларға арналған ойын алаңшасы ашылды

3806
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласының Қаратау ауданы «Ақжайық» шағынауданында 14 көпқабатты үйдің 2 ауласында балалар ойын алаңшасы мен жаттығу тренажерларын орнату жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме «НұрекАзияБизнес» ЖШС және «АгроСпецМонтаж» ЖШС нысандарды қараша айында тапсыруды жоспарлап отыр.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шағынаудандағы №63/27, 69/36, 37, 38, 40, 43, 44 үйлердің аулаларында орналасқан балалар ойын алаңшасының құрылысымен танысып, жұмыс сапасын бақылады. Қала әкімі тұрғындарға енді абаттанған аумақты күтіп-ұстау қажеттігін айтты.

Биыл Ақжайық, Тұран, Асар шағынаудандарында 21 ауланы (39 үй) абаттандыру үшін 405,1 млн теңге қаржы қаралды. Құрылыс жұмыстары қарашада аяқталып, жаңа нысандар ел игілігіне беріледі. Шаһарда аулалар жаңартылып, қолайлы орта қалыптасып келеді. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы табысты іске асуда.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер