Мыңға жуық: Украина халқы вирустан қырылып жатыр

3030
Adyrna.kz Telegram

Украинада коронавирус індеті өршіп тұр. Қайтыс болушылардың жаңа антирекорды тіркелді. Тәулігіне коронавирустан қайтыс болғандардың көпшілігі Херсон облысында – 144. Сондай-ақ Днепропетровск облысында 89 адам вирустан көз жұмған. 

Өткен тәулікте Украинада COVID-19 коронавирус инфекциясының 25 063 жаңа жағдайы тіркелді. 793 адам қайтыс болды, бұл пандемияның бүкіл кезеңіндегі рекордтық көрсеткіш.

Бұған дейін Украинада тәулігіне ең көп өлім 25 қазанда тіркелген болатын. Жұма күні 5 057 адам инфекциямен ауруханаға жатқызылды, 11 817 адам сауығып кетті. Жаңа науқастардың ішінде 1541 бала және 398 медицина қызметкері бар. Пандемия басталғаннан бері Украинада 3 058 014 коронавирус жұқтырған науқас жандар тіркеліп, 71 635 адам көз жұмған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер