Мария Шукшина: Бізде 409 жыл бұрынғыдай "қырғын" болып жатыр

2376
Adyrna.kz Telegram

54 жастағы ресейлік актриса, тележүргізуші Мария Шукшина "Ұлттық бірлік күні" мерекесіне қатысты өз ойын айтты. Ол 1612 жылы "халықтық жасақтар" Кремльді поляк жауынгерлерінен біріге қорғап қалғаны сияқты, қазірде халық бірігуі тиіс, өйткені қиын кезең әлі де жалғасын табуда деген ойда.

"Қазір біз өте қиын кезеңде өмір сүрудеміз", – деп жазды ол өзінің Телеграм арнасына. Оның ойынша қазіргі уақытта заңға сай емес әдіспен қаржылық мүдде үшін күресетін топтар көп. Актрисаның ойынша әзірге ол топтарды тоқтататын күштер жоқ. Марияның пайымынша тура 409 жыл бұрынғыдай әлі де "қырғын" болып жатыр.

"Біздің алдымызда тура 409 жыл бұрынғыдай мақсат тұр, бірігу керек", – дейді Шукшина.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер