Қазақстандық әйел қарызынан құтылу үшін өз баласын 60 мың теңгеге сатқан (ВИДЕО)

3517
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық әйел өз баласын 60 мың теңгеге сатып жіберген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Оқиға алты жыл бұрын орын алған. Қарызын өтей алмаған ана, құрбысының кеңесі бойынша баласын сатуға мәжбүр болған. Ол жеті жылға сотталып, ұлы балалар үйіне берілген.

Айтуынша, өзінің жүкті екенін білген соң, жалғыз қалған.

"Мен қорықтым, баланы қалай өсіретінімді білмедім. Құрбымнан кеңес сұрасам, ол баланы басқа отбасына беруге кеңес берді. Балаға зәру семьяны таптым, сосын туып, баланы апарып бердім. Мен еш талабым жоқ деген қолхат жаздым да 60 мың теңге көлемінде көмек сұрадым. Менің қарызым болды және кепілден жеке куәлікті алуым керек болды", - деді сотталушы Оtyrar басылымына.

Баласын сатқысы келмеген. Алайда ақша керек болған соң ғана мұндай қадамға барғанын да жасырмады.

Мен өзім полицияға келіп, кінәмді мойындадым. Кейін сот болды. Мені 7 жылға соттады. Мен енді қатты өкінемін. Балаларыңызды өсіріңіз, олардан қымбат ештеңе жоқ дегім келеді, - деп жылайды ол.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер