Енді "көк" мәртебесі бар қазақстандықтар сауда орталықтарына кіре алмауы мүмкін

2306
Adyrna.kz Telegram

Енді "көк" мәртебесі бар қазақстандықтар жұмыс күндері сауда орталықтарына кіре алмауы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

– Бүгінгі күні бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша "жасыл" мәртебесі бар тұлғаларды ғана нысандарға кіргізу көзделіп отыр. Жақында ВАК отырысында бұл тәжірибені жұмыс күндері де сауда-ойын сауық орталығының жұмыс тәртібіне енгізу ұсынылды. Яғни, бүгінгі таңда сауда ойын-сауық орталықтарына тек "жасыл" мәртебесі бар тұлғалар ғана бара алуы үшін аталған мәселе талқылануда, – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салтанат Лесбаева.

"ҚазАқпарат" ХАА хабарламасында атап өтілгендей, "Атамекен" ҰКП бұл мәселені талқылауға белсенді қатысады.

– СОО-да көптеген кәсіпкерлер жұмыс істейді. Бұл объектілерде айналымы, табысы төмендеуі мүмкін басқа да қызмет түрлері орналасқан. Сондықтан бұл мәселе қазір белсенді талқыланып жатыр және пысықталуда, – деп нақтылады ол.

С. Лесбаева жақында "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевтың төрағалығымен мүдделі бизнес субъектілерін тарта отырып, осы ұсынысты талқылау бойынша жұмыс кеңесі өткенін атап өтті.

— Енді барлық шығындарды есептеу керек, олар өз жұмыстарын қалай ұйымдастырады, бұл келушілер трафигінің төмендеуіне әсер ете ме, жоқ па. Осы мәселелердің барлығын талқылау қажет, содан кейін Денсаулық сақтау министрлігіндегі әріптестермен бірге бұл мәселе пысықталатын болады, – деп қорытындылады Лесбаева.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер