Әскер: Қазақстан тағы да Өзбекстаннан артта қалып қойды

2485
Adyrna.kz Telegram

Жаңартылған Global Firepower Index - 2021 рейтингінде Өзбекстан әлем бойынша 51-орынға, Орталық Азия бойынша бірінші орынға шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Рейтинг мәліметтеріне сәйкес, Өзбекстан армиясы Орталық Азия елдері арасында жоғары орынға ие болды. Қазақстан – 61 орын, Ауғанстан – 75, Түрікменстан – 86, Қырғызстан – 93, Тәжікстан-99 орын алды.

2021 жылы Өзбекстанмен әскери күш бойынша салыстырмалы елдер Беларусь, Марокко және Португалия болып табылады.

Бұрынғы КСРО мемлекеттерінің ішінде Өзбекстан тек Ресей армиясын (2-ші орын), Украинаны (25-ші орын), Беларуссияны (50-ші орын) алға жіберіп, төртінші орынға жайғасты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер