«Бұл арандату!» Әкімдік жүк тиегіштің алдына шыққан әйелдің видеосына қатысты мәлімдеме жасады

2371
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігі жүк тиегіштің алдына шыққан әйелдің видеосын "арандату" деп атады. Сондай-ақ, әкімдік көмір жеткілікті екенін айтып, тұрғындардан үрейленбеуді сұрады,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

- Дүрбелең тудырмауды сұраймыз. Иә, Интернетте жүк тиегіштің алдында отырған әйелдің видеосы тарап кетті. Мұның бәрі арандату. Бүгінде Кербұлақ өңірі тұрғындарына көмір сату жұмыстары жүргізіліп жатыр: "Санчез" ЖК (Шұбаркөл), "СаудаКөмір" ЖШС (Қаражыра). Сарыөзек станциясына қазанда 42 вагон жеткізілді. Бүгінде Сарыөзек станциясында 10 вагон бар. Бәрі тәртіппен жүргізіліп жатыр, - деді Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев.

Әкімдік Кербұлақ ауданы тұрғындарының жылу беру маусымындағы көмірге сұранысы 74 мың тонна болатынын, оның 52,8 мың тоннасы, яғни 71 пайызы сатылғанын айтты. Алматы облысына орта есеппен тәулігіне 90 вагон көмір жеткізіледі. Бүгінде 926,3 мың тонна немесе 68 пайызы сатылды, жазғы кезеңдегі қоймаларда қалдық 13,3 мың тонна көмір бар. Өңірде 77 көмір ошағы мен қоймасы бар, оның ішінде 50-і көмір ошағы, 27 қойма және Райымбек ауданындағы Ойқарағай көмір кеніші.

- Өңір бойынша бір тонна көмірдің орташа бағасы 14-14,5 мың теңге. Теміржол қатынасы жоқ өңірлерде көмір автокөлікпен жеткізіледі, бұл көмірдің бағасына әсер етеді. Мұндай аймақтарда жеткізілімдерді есепке алмағанда баға 19-20 мың теңгеге дейін жетеді. Аудандар мен қалалар әкімдігі жаз мезгілінде қатты отынды алдын ала сатып алу қажеттігі бойынша тұрақты негізде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатты отын сатып алғысы келетіндердің сұранысы көмірдің жасанды тапшылығына әкелді, - деп түсіндірді әкімдік.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

"Көмір тапшылығын болдырмау үшін көмірді жеткізу жоспары жасалды. Күн сайын "ҚТЖ – Жүк тасымалы" Алматы филиалы" АҚ-мен бірлесіп, көмір шахталарынан көмірдің жөнелтілуіне мониторинг жүргізіліп отыр. Тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр, жеткізу жұмыстары жүргізіледі. Көмірді теміржол қатынасы жоқ аудандарға вагонмен жеткізу жолға қойылған. Көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге ерекше назар аударылған", - деді әкімдік өкілдері.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер