Түркістан облысында балабақша қызметкерлері митингке шықты. Айтуларынша, мемлекет оларға жалақыларын төлемеген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
19 қазанда балабақша мұғалімдері облыстық әкімшілік ғимараты алдына митингке жиналды. Қызметкерлер заң талаптарының дұрыс сақталмайтынына шағымданды.
«Олардың арасында "Қазақстан үздіксіз білім беру қауымдастығы"жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қауымдастығының Түркістан облысы бойынша филиалының басшылары болды», - деп хабарлады облыс әкімшілігі.
Белгілі болғандай, мәселе мектепке дейінгі білімге 2017-2019 жылдары бір орынға 19 354 теңге мөлшерінде бөлінген. Жаңа әдіс бойынша 2017 жылы бір орынның бағасы 30 150 теңгеге өскен болатын.
Осы айырмашылық ескерілмегеніне мұғалімдер қатты ашулы.
Әкімдіктің мәлімдеуінше, қазірдің өзінде департамент Білім және ғылым министрлігіне қарызды жабу үшін қосымша 26,5 млрд теңге бөлу туралы сұраныс жіберген.
- Жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша Түркістан облысының мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің алдындағы қарызды өтеу туралы ҚР Премьер -Министріне ұжымдық хат жазылды, - деп хабарлады әкімдіктен.
"Адырна" ұлттық порталы