Ата-ана оқу жылында нені ескеруі керек?

824
Adyrna.kz Telegram

Мектеп оқушысының киімі, сөмкесі қандай болу керектігі туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Баланың мектеп киімі денсаулыққа қауіпсіз, қолайлы, табиғи матадан тігілуі керек. Аяқ киімін табанын қыспайтындай, кигенде қан айналым дұрыс болатындай етіп таңдау қажет.

Ал оқушының мектепке ұстайтын сөмкесінде салмақ біркелкі бөлініп, оның сыртында жарық шағылыстыратын элементтер болуы керек. Рюкзактың салмағы төменгі сыныптар үшін 700 граммнан, ал жоғары сыныптар үшін 1000 граммнан аспауы қажет.

Бала гаджеттен ұстауды шектету керек. Гаджеттердің көздің көруі мен зейін қоюына теріс ықпал ететінін ескере отырып смартфондар мен басқа да құрылғыларды қолдану уақытын қысқартуға кеңес беріледі. Санитарлық ережелерде компьютерлік сабақтардың үздіксіз ұзақтығы регламенттелген. Сонымен бір сабақ кезінде (45 минут) тікелей персоналды компьютермен, планшет және ноутбукпен жұмыс істеу уақыты былай көрсетілген:

  • мектепалды, мектепке дейінгі топтарға (сыныптарға) және 1 сыныптарға 15 минуттан көп емес, 2-3 сыныптар үшін 20 минуттан аспайтын;
  • 4-8 сыныптарға 25 минуттан көп емес;
  • 9-11 (12) сыныптар үшін 30 минуттан асырмайтын уақыт қана беріледі.
Пікірлер