"Денсаулық сақтау министрлігінде ешкім ковидке қарсы вакцина салдырмаған"

4511
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желілерде вакцинаға қатысты тағы да жалған ақпарат тарауда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар мессенджерде "денсаулық сақтау министрлігінде ешкім коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған" деген ақпарат таратуда. Автор бұл жайлы ведомствода жұмыс істейтін досынан естігенін айтады. Сондай-ақ, досы өзі де, әріптестері де вакциналардың зиянды әрі қауіпті екенін жақсы білетінін мәлімдеген. Бірақ ресми сайттың хабарлауынша, бұл ақпараттар шындыққа жанаспайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ведомствоның орталық аппаратында 205 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 21 адамда медициналық қарсы көрсетілімдер бар, олардың қатарына коронавируспен үш ай бұрын ауырғандар да кіреді.

"Ал вакциналауға жататын 184 адамның 178-і екі компонентті салғызды, ал 6 адам бірінші компонент алды. Қызметкерлердің 100 пайызы дерлік вакциналанды", – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер