Экс-министр Тұрғымбаевтың ісі сотқа жіберілді

1382
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Бұрынғы Ішкі істерминистрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісі Астана сотына жіберілді. Бұл туралы бүгін, 19 шілде Астана қалалық соты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, экс-министр Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ауыр зардаптарға әкеп соққан (ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігі) өкілеттігін және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталуда.

Қылмыстық істе мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер бар екенін ескере отырып, сот жабық режимде өтуі мүмкін. 

Еске сала кетейік, Ерлан Тұрғымбаев 2019 жылдың ақпанында Ішкі істер министрі болып тағайындалып, 2022 жылдың ақпанындағы Қанды қаңтардан кейін қызметінен кеткен болатын. Осыдан кейін ол президенттің кеңесшісі болды және 2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды.

Пікірлер