"Жын кіріп кетті ма": Казнетті шулатқан сарбаздың әрекетіне мамандар баға берді (видео)

3966
Adyrna.kz Telegram

18 жастағы сарбаздың түсініксіз әрі қорқынышты әрекеті қазнетті шулатты. Сарбаздың әрекетіне психолог маман мен имам бағасын берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Айналасын үркітіп-шошытып жатқан сарбаздың мұндай әрекеті бірінші рет болмаған секілді. Әлеуметтік желіде тараған видеодан да мұны аңғару оңай. Белгілі болғандай сарбаздың есімі Саят. Әскер қатарына алынғанына 1 айдай уақыт болған. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара әскерлерінің сабында. Бейнежазбада қасындағы жас сарбаздың Құран аяттарын оқығаннан кейін ерсі қылықтарын тыйып, талып қалатынын көруге болады. Жын шығару ісімен 5 жылдан бері айналысатын Данияр Ибрахимұлының айтуынша, жын кірген болуы мүмкін.

- Кейбір сиқырланған, жын кірген адам осындай жағдайда болады. Ол жынның әрекеті басында бақырып-шақырып, жанындағы адамдарды қорқытуға тырысады. Осы видеодан соны аңғарып отырмыз. Сондай шайтанның әсері бары көрініп тұр, - дейді Шейх Кунта Қажы мешітінің наиб имамы Данияр Ибрахимұлы.

Діни қызметкердің, тағы бір нұсқасы бар. Сарбаз қорыққанынан осындай амалды қолданған болуы да мүмкін. Бірақ, кесіп айтуға болмайды деп қосты. Оның анық-қанығын білу үшін жеке жұмыс істеу керек.

Ал психолог жас сарбаздың психикалық ақауы болуы мүмкін деп отыр. Әскерге шақырғанда дәрігерлер оны медициналық тексеруден дұрыс өткізбеген деп есептейді ол.

- Дәрігерлер әскер қатарына алынатын жігіттерді іріктеу кезінде толыққанды тексеруі шарт. Егер сондай өзгеріс болса сол жерде анықталады ғой, психиатрдың бақылауы керек еді. Бұл жұмыстың шалалығын білдіреді. Қазір Қазақстанда кадр жетіспейді. Соның ішінде әскери адамдар. Сондықтан болар, денсаулығы жараса да, жарамаса да алып кетуге тырысады,- дейді психолог Владислав Смирнов.

Айта кетейік, видеоны көрген халық жағасын ұстады. Кейбірі, әскери бөлімдегі мамандарды кінәласа, ата-аналар балаларын әскерге жібергісі келмей отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер