Шымкенттен батысқа 10 вагон мал азығы. Қуаңшылыққа тап болған еліміздің батысына қолдау мегаполисте жалғасты. Айтыскер ақын Қажымұхан Абзалов бастаған белсенділер елден жылу жинап қайырымды істі қолға алды.
«Маңғыстау жақта қуаңшылықтан мал қырылып жатыр» деген суық хабар тарағалы біраз болды. Малды ауылдардың аянышты күйін баяндайтын суреттер мен видеолар әлеуметтік желіні кезіп жүр. Сол ақпарат 25 жастағы шымкенттік жігіт Құрмет Талапқазыны бейжай қалдырмады. Бұл игі шара Құрметтің бастамасының жалғасы. Қажымұхан бастаған жігіттер 10 вагонды шөпке толтырды.
Қажымұхан Абзалов – айтыскер ақын
П 8535 тк 01:27-02:11 Ең бірінші Сайрам ауданындағы құтарыс деген ауылдан бастадық. батыстағы қуаңшылықты елдегі қымбатшылықты бізде уайымдадық. Сол кезде Сарыағаштан Құрмет бауырлар бастаманы бастады.
Сауапты істен қорларда қалыс қалмады. Шама шарыққа қарай ұйымдар қаржылай жәрдем берген.
Қайымжан Абдуллаев – Қайрымдылық қорының басшысы
Құрғақшылық басталған кезде Құрмет бауырымыз бастады осы тірлікті. Сол кезде маған ой келді. Сол жалғыз баланың бастамасы қалай болады деп ойладым.
Батысқа көмек акциясына оңтүстік өңірі белсене атсалысуда. Бұған дейін Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш, Ордабасы аудандарынан қуаңшылық көрген аймаққа мал азығы жөнелтілген болатын. Бұл жолы Шымшаһардың азаматтары игілікті іске өз үлесін қосты.
К. Дүйсенбі