«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 66 көпқабатты тұрғын үйдің аулалалары аббаттандырылды

20

Шымкенттің бес жылдық даму жоспарында қолайлы қала қалыптастыру міндеті белгіленіп, оның аясында атқарылатын жұмыстар айқындалған. Азаматтарға қолайлы орта құру шеңберінде тұрғындардың талап-тілегі міндетті түрде ескеріледі. Бұл бағытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдағы ашықтық пен жариялылықты жетілдіре түсетін тағы бір реформасы – «Халық қатысатын бюджет» жобасының маңызы орасан.

Биылғы алғашқы жартыжылдықта халық қатысатын ашық бюджет жобасы аясында шағын аудандар мен тұрғын алаптарда 66 көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылды. Белгіленген жұмыстарды іске асыру барысында тұрғындардың талап-тілегі ескеріліп, балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларының жобалары, жасыл желекті күтіп-ұстау мәселелері келісілді. Тұрғындардың талап-тілегі көшелерге бейнебақылау камераларын орнату ісінде де ескеріледі. Қазіргі кезде қала көшелеріне 2479 камера орнатылған болса, биыл олардың санын қосымша 3740 бірлікке ұлғайту жоспарланған. Тұрғындардың өтініштері бойынша 1500 бейнабақылау камералары көпқабатты тұрғын үй аулалары мен қоғамдық орындарға қойылатын болады. Көлік қозғалысы аса бақылауды қажет ететін жол учаскелеріне 2240 дана бейнебақылау құрылғылары орнатылады. Айта кетейік, халық қатысатын бюджет азаматтардың жергілікті бюджет қаражатының бір бөлігін бөлу мен жұмсауға қатысуына мүмкіндік беретін жоба. Яғни, бір азамат ұсынып, тұрғындардың көпшілігі қолдау білдірген жобалар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Осылайша азаматтар өздері тұратын аумақтарды дамыту мен абаттандыруға қатысады. Жобаны жүзеге асыру үшін Шымкент қаласында арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, ол төрт ауданның әкімдіктері арқылы орындалуда. Осы мақсатта арнайы www.open-shymkent.kz   интернет ресурсы әзірленді.

Пікірлер
Редакция таңдауы